Сыр шайырларының өмірі мен еңбегі туралы тарихи жинақтар қайта жаңғыртылады

Дүйім елді ұйыстырып, бірлікке шақырған ақын-жыраулар мен билердің қазақтың қалыптасуына  қосқан үлесі терең зерттелмек. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сыр шайырларының өмірі мен еңбегі туралы тарихи жинақтар қайта жаңғыртылады. Осы ретте республикалық ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырылды. Елге белгілі ғалымдар ұлы даланы ән-жырға бөлей жүріп, ауыз әдебиеті мен тұтас тарихты жазып кеткен тұлғаладрдың елдік жолындағы ерлік істерін ғылыми тұрғыда баяндап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сыр бойындағы жыршы, батырлар туралы деректер Ресей мұрағаттарында том-томдап сақтаулы,- дейді мамандар. Жуырда жергілікті этнографтар Орынбор облыстық мемлекеттік архивынан Әбілқайыр ханның уәзірі болған Кедей би туралы деректер тапқан. Сондай-ақ Мөңке мен Бапа би және Нұралы хан жөнінде де тың мағлұматтар жарыққа шықты.

Берекет Кәрібаев, Тарих ғылымдарының докторы:

Қазіргі кезде ХХІ ғасыр инновация, ғылым, техника деп жатырмыз. Бұның бәрі дұрыс, дегенмен рухани фактор, ұлттық тарихпен байланысу керек. Ұлттық тарих байланыссыз болған жерде қоғамның қайда баратыны белгілі. Сондықтан еліміз тарихты еске алуға және тарихи тұлғаларға тағзым етуге арнап отыр. Бұның берері өте зор.