Инфрақызыл линзалар | Made in kz

Тепловизорлар, қазақшаласақ, жылу түсіргіш - бір мезетте бірнеше мыңдаған нүктенің температурасын анықтауға арналған құрылғы. Олардың қолдану аясы тым кең. Құрылыста, өнеркәсіпте, медицинада, сондай-ақ түнде көру қабілеті үшін әдетте әскери мақсатта қолданылады. Бұл жабдық жаудың күшін және оның ұрыс алаңында орналасуын бағалау және бақылау үшін барлау ұшақтарына да орнатылады. Бұл құны қымбат құрылғы, себебі оның объективі, яғни нысанасы кәдімгі әйнектен жасала салмайды, кәдімгі шыны инфрақызыл сәулелерді өткізбейді. Мұндай құрылғыларға инфрақызыл линзалар орнатылады. Міне, Астана индустриалды паркінде орналасқан бұл зауытта сол тепловизорлардың инфрақызыл линзалары жасалады.

Сондай-ақ...