Ақша аударған адам салық төлей ме?

Проблеманы екі кезеңде шешу жоспарланып отыр. Мәселен, биылғы бірінші жартыжылдықта сауда, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтану және қонақ үй қызметтерін реттеу талаптары қайта қаралса, екінші жартыжылдық пен келесі жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп салаларында бизнеске қойылатын талаптар өзгереді. Бұл жүктемені түбегейлі азайтуға және жаңа экономикалық жағдайда іскерлік белсенділікті арттыруға ықпал етпек. Жақында елде енді мобильды аударымдар қадағаланады деген ақпар шықты. Бұл жоспар қалай іске аспақ? Қандай жағдайда онлайн аударымдарға салық салынады? Қаржы мамандары не дейді? Мобильді аударымдар бойынша кімдер тексеріледі? «Күн тәртібінде» осы мәселелер сұралды

Спикерлер: ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айнұр Сартаева, адвокат Бауыржан Азанов.