Сот орындаушыларының өміріне күнде қауіп төне ме? | Тексердік!

Алматыда сот ісін орындамақ болған сот орындаушымен тағы бірнеше адамды борышкер оқ атып өлтірген жағдай естеріңізде шығар. Осы оқиғадан кейін қоғамда түрлі пікір қалыптасты. Енді ақ-қарасын құқық қорғау органдары ажырата жатар. Біздің айтпағымыз басқа. Бір анығы, сот орындаушыға қоқан-лоқы жасаған, сес көрсеткен жайттар көп. Өздері де бастарын күнде қауіпке тігіп отырғандарын айтып жатыр. Солай ма екен? «Тексердік» бағдарламасында айтамыз.