Мәжіліс сайлауы: ҚР ОСК дауыс берудің алдын ала қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.

Мәжіліске үш партия өтеді. Себебі Мәжіліске өту үшін кемі 7 процент дауыс жинау керек. Сайлаудың алдын ала қорытындысын ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафина хабарлады.

Парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы:

Қазақстан халық партиясы – 9,10 процент;

Nur Otan партиясы – 71,09 процент;

«Ауыл» партиясы – 5,29 процент;

AQ JOL партиясы – 10,95 процент;

ADAL партиясы – 3,57 процент.