Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің күзетшісіне оқ атты

Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туындаған болып шықты.

Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнында әлі де полиция қызметкерлері жүр.