427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қ.Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

  • 348
  • UPD: 15:40, 04.05.2021
Қ.Тоқаев Тәжікстанға ресми сапармен барады

19-20 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екі жақты келіссөздер өткізбек. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек. Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі.

Хабар 24 телеарнасы