Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Апта соңында ел аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады. Сондықтан елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында екпінді жел, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағаймен жаңбыр жауады.

Ал 12 қыркүйектен бастап Қазақстан аумағына Мәскеу аудандарынан суық антициклон ауысатын болады. Ол негізінен жауын-шашынсыз ауа райы мен түнде ауа температурасының батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталық пен шығыста минус мәндеріне дейін төмендеуіне әкеледі.