Бізде әлі күнге дейін моноқалаларға қатысты нақты ұстаным жоқ – Тоқаев

«Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ».

Екібастұзда шағын қалаларды дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы осылай деді.

«Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 проценті моноқала. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл халқымыздың 8 проценті. Қазір шағын қалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 процентке жуығын өндіреді. Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.