Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Түркияға барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 8-саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Түркияға барды.

Ыстамбұл қаласында Мемлекет басшысы бірқатар елдің басшыларымен кездеседі деп жоспарланған. Президент сапарына алдағы уақытта кеңірек тоқталамыз.