Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытайға барды

Ел Президенті ертең Бейжің қаласында өтіп жатқан XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. Сапар барысында 5 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз өткізеді. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады.