Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады.
Министр Жоғары Бас қолбасшыға былтыр атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есеп беріп, осы жылға арналған жоспарды таныстырды. Сондай-ақ қазіргі сын-қатерлер мен қауіптерге байланысты әскердің жауынгерлік әзірлік бағдарламасы қайта қаралды. Кездесу соңында Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери ортадағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ министрлікке еліміздің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру, мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқанын сапалы ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.