Биыл елімізде 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр

Биыл Қазақстанда 200 жаңа мектеп салу жоспарда бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Білім және ғылым министрі осылай деді. Асхат Аймағамбетов пандемия кезіндегі оқытуға қатысты қабылданған шараларға кеңінен тоқталып, мұғалімдер еңбекақысы 25%-ке өскенін атап өтті. Кездесуде бала құқығын қорғау, білім мекемелерін дамыту, ғылыммен айналысуға қолайлы жағдай жасау мен оқу ордаларын оңтайландыру мәселесі талқыланды. Президент министрге саланы жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма берді.