А.Мамин: Білім беру саласының мамандары міндетті түрде вакцина алуы қажет

Білім беру және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін мамандарды вакциналау маңызды.

Бұл туралы бүгін Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, жалпы ел бойынша екпе егу қарқынын күшейткен жөн. Әсіресе, Маңғыстау, Атырау мен Батыс Қазақстан өңірлеріндегі жағдай көңіл көншітпейді. Тек соңғы бір аптада елде коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 39%-ке артты. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың хабарлауынша, бұл көрсеткішке Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы ахуал әсер етті. Сол себепті бұл қалаларда сақтық шаралары күшейтілді. Халықты екпе алуға ынталандыру үшін жергілікті әкімдіктер түрлі шаралар өткізіп жатыр. Мәселен, Атырау облысында вакцина салдырғандарға ақшалай сертификаттар табысталады.

Сондай-ақ...