Маңғыстауда ұстаздарға сыйлық ретінде ақша жинауға рұқсат жоқ

Маңғыстау облысында мектеп бітіру кешін мейрамханада тойлауға тыйым салынады.

Білім басқармасы өкілдерінің айтуынша, кеш мектеп қабырғасында өтеді. Және бұл шараны білім беру мекемесі ұйымдастыруы қажет. Түлектерге мерекелік дастархан жайып, жалға берілетін автокөлікпен серуендеуге болмайды. Сондай-ақ ұстаздарға сыйлық ретінде ақша жинауға рұқсат жоқ.

Айта кетейік, биыл шалғай өңірде 7562 оқушы мектеп бітіреді. Мемлекеттік емтихандар 27 мамыр мен 10 маусым аралығында өтеді.

Гүлмира Мамаева, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, суретшілерді, мерекелік іс-шараларды өткізу үшін жеке студияларды шақыруға, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлықтар үшін қаражат жинауға, ойын-сауық мекемелерінде кеш ұйымдастыруға болмайды, рұқсат етілмейді.