Елордада қоғамдық тамақтану орындары қалай жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан қаласында шектеу және карантин шаралары туралы қаулы 18 қаңтардан бастап күшіне енді, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес елорда тұрғындары арасында коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты СОО мен қоғамдық тамақтану объектілері шектеу шараларын қатаң сақтаған жағдайда ғана жұмыс істейтін болады.

«Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, жобалық қуаттың 30%-інен аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері менбірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салу қарастырылған», - делінген.

Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) орналасқан жеріне қарамастан, жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін залда келушілердің болуына тыйым сала отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс кестесін белгіленді. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады. Карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактісі болған кезде олардың жұмыстарына тыйым салынады.

Сонымен қатар бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, батуттар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтары, оның ішінде лотереялар ұтысы, жабық ғимараттардағы ойын алаңдары мен аттракциондарының жұмысына тыйым салынбақ.

Айта кетейік, елорда коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енді. Бұған дейін хабарланғандай, эпидемиологиялық жағдайға байланысты және Нұр-Сұлтан қаласы бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес биыл крещение мерекесіне арналған ойықтарда дәстүрлі жаппай шомылу өткізілмейді.