Қатты аязға байланысты бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

Елде саршұнақ аяз әлі де сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты бүгін еліміздің бірқатар аймағына дауылды ескерту жарияланды. Әсіресе, Түркістан мен Жамбыл облыстарында сынап бағанасы -25 градусқа дейін төмендейді. Ал, желдің екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге жетеді. Тұман басып, көктайғақ болады. Жолдағы қозғалыс қиындауы мүмкін. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында да осындай жағдай байқалады. «Ал, Солтүстік Қазақстанда ауа температурасы -40 градусты көрсетеді», - дейді синоптиктер. Ақмола мен Қарағанды облысында да аяз сақталады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды.

Сондай-ақ...