Тұман, көктайғақ: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылғы 6-8 сәуір аралығында оң мәнді ауа температурасының сақталуына, ары қарай жоғарылауына және жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында қарқынды қар еруі және еріген қар суы ағыны пайда болуы, өзендерде су деңгейлерінің жоғарылауы күтіледі.

6 сәуірде Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 6 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің күші кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Ақтау қ. бойынша: күндіз 6 сәуірде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз 6 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с.

6 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 6 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі.

6-7 сәуірде Қарағанды облысында кей жерлерінде тұман күтіледі.

6 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Жауын-шашынның түсуіне, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында 5-6 сәуір аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды.

6 сәуірде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

Орал қ.: 6 сәуір түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

2021 жылдың сәуір-қазан айларына арналған ауа райы болжамы