11 сәуірде елордада қоғамдық көлік қатынамайды

Елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі, 11 сәуір күні қала ішінде және қала маңына қатынайтын автобустар жұмысын тоқтатады.

«Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі», - деп мәлім етті «City Transportation Systems» компаниясынан.

Дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істей бастайды. Компания өкілдері автобустарға маскасыз кіруге болмайтынын ескертеді. Жолақы қолма-қол ақшасыз төленеді.