Аяз және құмды дауыл: бірқатар облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен құмды дауыл болады.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлап, алты облыста ескерту жариялады.

3 мамырда Қызылорда және Түркістан облыстарының кей жерлерінде құмды дауыл күтіледі. Жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

3 мамырда күндіз Ақмола облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Кей жерлерде күші секундына 15-20 метр жел соғады. 

Ертең түнде Павлодар облысының кей жерлерінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болуы мүмкін, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде секундына 25 метр. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. 3-5 мамырда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр.

3 мамырда күндіз, 4-5 мамырда тәулік бойы екпіні секундына 23-28 метр жел болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде секундына 15-20 метр, күндіз секундына 15-20 метр болады, кей жерде екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді.