Әлемдегі 100 адамның 27-сі сауданы интернет арқылы жасайды – зерттеу

Интернет-дүкендер соңғы онжылдықта табысты индустрияға айналды.

Есептеулерге сәйкес, 2021 жылы әлемде онлайн сатып алушылардың саны 2,14 миллиардты құрады, бұл – әлемдегі жалпы халықтың 27,6%-і, деп хабарлады ranking.kz.

Цифрлық сатып алушылардың саны биыл тағы 4,4% өседі деп күтілуде.

Интернет-сауда Қазақстанда да өте жоғарғы даму үстінде. 2019 жылы Қазақстанда электронды нарық көлемі 700 млрд теңгеден сәл асса, 2020 жылы ол 1,1 трлн теңгенің шегінен асып, жалпы бөлшек сауда айналымының 9,7 процентін құрады. Белсенді онлайн сатып алушылардың саны 20%, яғни 3,8 млн-ға дейін артты. Бүгінде нарықта шамамен 650 интернет-дүкен бар.