Қазақстандықтар YouTube-тан қандай контентті жиі көреді

Белгілі сарапшы Қазақстанда қандай YouTube арналардың жоғары танымалдыққа ие екенін айтты, деп хабарлады tengrinews.kz.

Genesis YouTube Central Asia директоры Самсон Безмятежный телеарналар мен телешоулар арасындағы қазақстандық YouTube сегментінің үздік 10 арнасын атады.

Оның айтуынша, бүгінде телеарналар эфирінен көрсетілумен қатар, YouTube платформасына шығатын ойын-сауықтық контентке сұраныс өте жоғары.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық сегментте ең көп қаралатын YouTube-канал Жетінші арнаның парақшасы болып табылады. Сонымен қатар ол сәуір айында бұл каналда ең көп қаралған контент «Зың-зың Күлпәш», «Тойхана» сериалдары мен «Жайдарман» шоуы болғанын атап өтті.

Қазақстандық аудиторияда танымалдылық бойынша екінші орында музыкалық контент пен бейнебаяндар жариялайтын музыкалық «Той Думан» YouTube-каналы, үшінші орында «Бір болайық» реалити-шоуының YouTube каналы тұр. Реалити-шоу YouTube-тағы тікелей эфирде 100 мыңнан астам көрермен жинайды.

«Хабар» телеарнасы танымал YouTube-каналдар арасында төртінші орында тұр. Мұнда қазақстандықтар негізінен фильмдер, сериалдар мен музыкалық шоуларды көреді. «Маска» жобасының қазақстандық нұсқасы көбінесе YouTube трендіне түседі», - дейді сарапшы.

Ең танымал телеарналық 10 YouTube-каналдың қатарына GAKKU TV, Qoslike шоуы, Qazaqstan TV, «Астана» телеарнасы, «Информбюро 31» және «Хабар 24» телеарнасы кіреді.

Сарапшының айтуынша, «Хабар 24» және «Информбюро» бейнероликтері YouTube-тегі үздіктер қатарына да шығып тұрады.

«Хабар 24» YouTube каналына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті