Синоптиктер: Ыстық ауа райынан өрт өршуі мүмкін

Бүгін елдің басым бөлігінде аптақ ыстық болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар өңірде термометр бағамы 40 градусқа дейін көтеріледі. Синоптиктер әсіресе, Қарағанды облысында жағдайдың қиын екенін айтады.

«Ыстық ауа райының салдарынан өрт оқиғалары жиілеуі мүмкін», - дейді мамандар. Сондықтан жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланып, алдын ала ескерту жасалған. Сондай-ақ, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында да аптап ыстық жалғасады.

Сондай-ақ...