Суды қанша ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы

Судың да зияны бар. Ағзада судың мөлшері тым көп болса, ол жүрек пен бүйрекке екі есе салмақ түсіреді. Тым ыстық су ішу асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелуі мүмкін. Ал дәрігерлер таза суды дене бітіміне қарай мөлшерлеп ішу керек деп кеңес береді.

Айнұр Қуатқызы тілші:

- Сіз күніне қанша литр су ішесіз? Жалпы ағзаңызда су жеткілікті ме? Былайша қарапайым ғана сұрақ. Алайда суды мамандардың кеңесімен мөлшерлеп ішу керек екен. Су ішудің де өз тәртібі бар.

Тәулігіне 2 литр су ішу керек деген кеңеске сенбеңіз. Мамандар артық судың да ағзаға зияны бар екенін айтады. Суды адамның салмағына, физикалық белсенділігіне қарай  ішу керек. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамға қажетті судың мөлшерін есептепті. Бір келі салмаққа 30 мл су қажет екен. Мысалы, салмағы 50 келі тартатын адам күніне 1,5 литр су ішуі керек.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық көп салалы аурухананың бас дәрігері:

- Екі немесе 1,5 литрма ол енді адамның дене бітіміне байланысты. Мысалы 2 метр бойы, 150 кг салмағы бар адамға сәйкес көп су ішу керек. Судың жеткілікті-жеткіліксіз екенін шетелдерде Мысалы Жапонияда адамгның кіші дәретіне қарап ажыратады. Түсі қою сарғыш болса онда судың жетіспеушілігі.

Дәрігерлер бас ауырса бірден  дәріге жүгірмей, бір кесе су ішуге кеңес береді. Алайда «бір кесе шәй бас жазады» дегенге сенетіндер бар.

- Басыңыз ауырса бірінші не ішесіз?

- Бірінші шәй ішем. Шәй ішсем бас ауырған басылатын сияқты.

- Басыңыз ауырса су ішесіз бе, әлде шәй ішесіз бе?

- Шәй ішпесем басым ауырады. Қазақпыз ғой.

- Күніне екі литр су ішем. Басым ауырса шәй ішем.

Сондай-ақ мұздай су ішу де зиянды. Себебі ол асқазан мен ішек қуысын түрлі ауруға әкелуі мүмкін. Аптап ыстық болса да жылы сұйықтық ішкен дұрыс. Минералды суға да көп әуес болмаған абзал. Оны тек ем ретінде қабылдау қажет.

Мұхтар Төлеутаев, қалалық көп салалы аурухананың бас дәрігері:

- Бізде бір стақан су ішпейтін адамдар бар. Күніне бір, екі кесе шай ішіп сонымен жүре береді. Бұл өте дұрыс емес. Таза су ішу керек. Сорпа, шәй, компот суға жатпайды. Минералды суды да емес. Минералды судың ішінде тұздар бар. Оны ем ретінде ішу керек. Күніне 1 литр боржоми ішуге болмайды.

Ағзадағы су тапшылығын тексеру үшін қолыңыздың терісін шымшып көріңіз.Егер теріңіз бірден қалпына келмесе, сізде су жеткіліксіз деген сөз. Су тұрақты мөл­шерде болса, мимен қоса жүрек, бүйрек жұмысы қалыпты жұ­мыс істейді. Сондықтан тек таза су ішіп жүріңіз.

Айнұр Қуатқызы, Жандос Битабаров, Аят Дүйсенбаев