Бірқатар өңірде 28 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер алдағы үш күнде батыс және солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деген болжам жасап отыр.

Бұл аймақтарда түнде 20-28 градус аяз болады. Оңтүстік аймақтарға келсек, Өзбекстаннан келген циклон әсерінен күн райы жылы болады. Ол жақта жауын-шашын күтіледі.