Ыстық күндері майлы, тұзды тағамдарды жемеу керек – дәрігер кеңесі

Дәл қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірінде күн ыстық. Осы орайда елордадағы емханалардың дәрігерлері ыстық күндері денсаулыққа күтіммен қараудың жолдарын айтып, өз ұсыныстарымен бөлісті.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты қалалық емхана дәрігерлерінің айтқан пікірлерін көпшілік назарына ұсынды. «Ыстық өтіп кеткенде дене температурасын реттеуге жауап беретін компенсаторлық функциялар бұзылады. Ыстық күндері майлы, тұзды тағамдарды жемеу керек», – деді №1 қалалық емхананың терапевт-дәрігері Алина Боргекова. Маманның айтуынша, күн өткен кезде тыныс алу қиындап, дене қызуы көтеріледі және бас аурады, сондай-ақ кейбір жағдайда адамдар естен тануы мүмкін. Ыстық күндері жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар өз денсаулығына күтіммен қарауы керек. «Мұндай кезде тромбоз болуы ықтимал және қан қысымы құбылып тұрады. Қатты ыстық стенокардия дертін қоздыруы мүмкін. Сондықтан жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдар жылдың осы уақытында денсаулығына күтіммен қарауы керек», – дейді №4 қалалық емхананың кардиологы Жанат Сұңқарбекова. Дәрігерлер негізгі терапия талаптарын ескеруді және қажет дәрі-дәрмекті өздерімен бірге алып жүруге кеңес берді. «Күн қатты ыстық уақытта далада көп отырмауы керек. Суды көбірек ішкен дұрыс болады. Бірақ кофеин мен қанты бар сусындарды алмаған дұрыс», – дейді Ж.Сұңқарбекова.

Сондай-ақ...