Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады: 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ болжанады, желдің күшеюі күтіледі.

Еліміздің батыс өңірлерінде жылудың төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28С шегінде болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады.

Сондай-ақ...