Соңғы тәулікте биткоин құны 16%-ке түсіп кетті

Бұған дейін баға тарихи деңгейден асып, 59 мың долларға жуықтаған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы криптовалюта шығарылатын елдердің бірі Қазақстан екенін білесіз бе?  Әсіресе, Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарында өндіріс қарқынды.

Былтыр елімізде криптобизнестен 60 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігі хабарлады. Бүгінде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында шамамен 400 МВт электр энергиясын тұтынатын 13 майнингтік ферма жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта криптовалюта тағы 4 өңірде шығарылатын болады. Шетелдік инвесторлар тарапынан сұраныс артып жатыр. Себебі елімізде электр қуаты арзан. Ал майнингтік сала энергия экспортының орнын толтырып отыр. Бұл туралы блокчейн технологиясын әзірлеушілер мен пайдаланушылар қауымдастығының вице-президенті Арман Қуанышбаев мәлімдеді. Мұндай валюта қоры шектеулі екенін еске саламық. Бүгінге дейін 18 млн данасы шығарылса, 2050 жылға қарай 21 млн-ға жеткізіледі. Әрбір он минут сайын бір монета пайда болады екен. Майнингтік фермалар арқылы түскен инвестиция мемлекетке олжа емес. Десе де, жұмыс орындары ашылады, инфрақұрылым түзіледі әрі электр қуатын пайдалы жұмсау мүмкіндігі бар. Бір биткоин шығару үшін шамамен сағатына 78 мың кВт тоқ кетеді екен. Ақшаға шаққанда бұл 1,5 млн теңге. Валютаны 10 есе қымбат бағаға сатуға болады. Арман Қуанышбаевтың айтуынша, криптобизнесті мемлекетке пайдалы ету үшін арнайы вебәмиян дайындау керек. Тіпті қазақстандық биржаны құру да артық етпейді. Бірақ, Ұлттық банк мұндай ұсынысты құптаған жоқ.

***

Мұнай бағасы 66 доллардан асты

Brent маркалы мұнай 1,20%-ке өсті. Сөйтіп, Лондон биржасында қара алтын құны барреліне 66,02 долларға жетті. Естеріңізде болса, өткен жылдың қаңтарында Brent бағасы 66 доллардан асқан болатын. Ал АҚШ-тың Энергетика министрлігі 2050 жылға қарай баға 173 долларға дейін өсуі мүмкін дейді. Бұл өз кезегінде экономикалық тоқырауға әкелуі ықтимал.