Елде тұрғын үй құрылысы 20-40%-ке дейін төмендейді |Іскер News| 24.11.22.

Елде тұрғын үй құрылысы 20-40% дейін төмендейді. Жаңа жылға болжам осындай. Ал баға қалай құбылады?

Болжам: Тұрғын үй құрылысы төмендейді

Елде баспанаға сұраныс азайып жатыр. Ал құрылыс материалдарының қымбаттауы мен логистикалық түйткілдер ұсыныстың төмендеуіне алып келді. Мамандар құрылыс бәсеңдейді деп қорқады. Елде үйлердің 30%-і ғана қолма-қол ақшаға не құрылысшыға бөліп төлеу тәсілімен сатылған. Қалғаны ипотека. Ал баспана құны шарықтай береді. Құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков оған тұрғын үй салу бойынша жоспардың қысқаруы, инженерлік-әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы, ипотекалық бағдарламалардың аяқталуы әсер етеді дейді. Жыл басынан бері елде тұрғын үй құрылысына 2,22 трлн тг инвестиция салынды. Бұл былтырғыдан 16,3%-ке көп. Шымкенттегі қарқын елеулі. Мұнда 165 млрд тг-ге көп қаржы аударылды. Ұлттық статистика бюросы инвестиция көлемі азайған аймақтар да бар дейді. Мысалы Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында тұрғын үй салуға бюджет қысқарған.

Виктор Микрюков, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының президенті:

- Биыл жаңа үйлерге сұраныс азайғанын байқадық. Сатылым 30-дан 70%-ке дейін төмендеді. Сол себепті, түрлі акция ұйымдастырыла бастады. Оның нәтижесін қыркүйекте көрдік. Сатып алу-сату келісімдері көбейді. Бірақ кезінде бағаны түсіруге мәжбүр болған құрылысшылар келесі жылы нарықтан кетуі мүмкін. Себебі, қаражат жоқ. Иә, қос нарықтағы үйлер қымбаттап жатыр. Жағдай реттелуі үшін мемлекет әрекет етуі керек.

 Ипотека алған «Озады»

Елде ипотекалық несиелеу қарқын алды. Ұлттық банк мұны жаңа үйлердің пайдалануға берілуімен байланыстырады. Алайда, өтінімдер саны 258 мыңнан 183 мыңға дейін қысқарған. Мақұлдау 38% деңгейінде қалды. Ұлттық банк жыл соңында ипотекалық кредиттеу талаптары күшейетінін болжайды. Жеңілдетілген ипотека қажет-ақ. Бұл экономист Эльдар Шамсутдиновтің пікірі. «7-20-25» бағдарламасы аяқталса, бірінші нарықтағы үйлердің сатылымы 70% төмендеуі мүмкін. Себебі ипотекалық қарыздың 95% осы бағдарлама қамтып отыр. Ал баспана құны тағы 3–5 %-ке қымбаттайды дейді сарапшы.  

Жалдамалы пәтер құны төмендеді

Сонда пәтер жалдау тиімді ме? Елде баспананы жалға беру арзандай бастады. Бірақ күздің басындағы деңгейден 14% жоғары. Қаржылық сарапшы Андрей Чеботарев өзінің телеграм арнасында ресейліктер үдере көшкенде жасаған болжамы орындалғанын айтады. Сөйтіп, келесідей сәуегейлікке жол береді. Баға қазіргіден төмендемейді.

Жалпыға бірдей декларация

Бірінші қаңтардан бастап, 10 000 АЕК-тен көп қолма-қол ақша декларация-лануы тиіс. Жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде активтер мен міндеттемелер туралы есепті квазимемлекеттік сектордың, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Десе де заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбайды. Еске салайын, жалпыға бірдей декларациялауға көшу 2025 жылға дейін төрт кезеңде өтеді. 2023 жылы екінші кезең басталады.