Автонесиелеу қолжетімсіз болып барады | Іскер News| 25.11.22.

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұратындардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мың адамға ұлғаяды. Ал бұл өз кезегінде бюджетке айтарлықтай салмақ салады. Қазір 623 мың қазақстандық мемлекеттік баспананы күтіп жүр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мәселені шешуге қомақты инвестиция қажет екенін айтады.

Жеңілдетілген ипотека мөлшерлемесін жылдық 5%-тен 2%-ке дейін арзандату ұсынылды. Өйткені 148 мыңнан аса толық емес отбасы баспанаға мұқтаж. Жартысынан көбінің табысы күнкөріс деңгейінен төмен. Сенатор Серік Шайдаров жылдық 5%-дық ипотека оларға тиімді емес дейді. Оның үстіне депутат халықтың 41% ауылда тұратынын, ал онда тұрғын үймен қамту бағдарламалары жоқ екенін еске салды. Мәселеге үкімет те бейжай қарамапты. Тұрғын үй саясатын реформалау жөніндегі заң жобасында ауылдық жерлердегі баспана құрылысын ынталандыруға мән берілген. Қазір құжат Мәжіліс қарауында жатыр. «Жұмыс берушілердің шығындарын баспана алаңының 50% байланысты субсидиялау көзделіп отыр. Жылжымайтын мүлік 5 жылдық еңбек шарты бар қызметкерлерге беріледі», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев. Осылайша 76 ауданда 2 855 үй салынбақ. Бұл реформаға сай баспана кезегіне тіркеу бұрынғыдай әкімдіктерге емес, «Отбасы» банкіне жүктеледі. Ал Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының базасына кейінгі 10 жылда баспанаға мұқтаж болған барлық азамат есепке алынады.

Еркебұлан Дауылбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Өңірлерде кезекте тұрған азаматтарға «Отбасы» банкі арқылы он мыңға жуық кредиттік баспана салынып жатыр. 6,1 мың адамға 2% мөлшерлеме бойынша, 7,8 мың азаматқа 5% мөлшерлемемен қарыз беру арқылы мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Атаулы көмек түрінде жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға беруге тұрғын үй төлемдерін тағайындау 17-ден 12-ге дейін азайтылады. Бұдан бөлек өтініш берушінің табысынан зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу алынып тасталады.

Автосақтандыру нарығы 35% қысқарады автосақтандыру нарығы

Автосақтандыру нарығын реттеудің жаңа тетігі 2024 жылы іске қосылады. Оған сай компаниялар аймаққа және белгілі бір клиенттің шығын статистикасына қарай тарифтерді дербес белгілей алады. Сарапшы Азамат Керімбаев нарықта монополистердің көбеюіне жол берілмейтінін айтады. Өйткені оны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бақылайды. Алайда, қазірдің өзінде көпшілік компанияның сауда көрсеткіші төмендеп жатыр. Енді шығынды таргеттеу тиімсіз ұйымдардың 35% нарықтан кетуі мүмкін. Әрі инфляцияның өсуі мен көлік жабдықтарын жеткізу кедергілеріне байланысты сақтандыру төлемдері артып жатыр. Келесі жылы орташа өтемақы 650 мың теңгеден асады. Жыл басынан бері автосақтандыруға 36 млрд теңгеге жуық қаражат төленді.

Автонесие алу тиімсіз болып барады автонесие тиімді ме?

Кейбір қазақстандықтар үшін көлік алу орындалмас арманға айналған. 9 айда екінші деңгейлі банктерге автонесие рәсімдеуге 1,2 млн өтінім түскен. Алайда оның тек 130 мыңы оң жауап алыпты. Үшінші тоқсанда келіп түскен 435 273 өтінімнің 10% ғана мақұлданған. Ұлттық банк бұған автонесиелеу шарттарының күшейтілуі себеп дейді. Сыйақы мөлшерлемесі жоғары. Көлік құны да шарықтап жатыр. Ал өтінімдердегі орташа баға 4,2 млн теңге.

Қауіпсіздігі төмен көліктер

Шетелден бір ақпарат. Тесла Қытайға жөнелткен 13 мың көлікті қайтарып алмақ. Оған қауіпсіздік белдіктерінің бүлінуі себеп. Көліктер 2019-2022 жылдар аралығында өндірілген. Белгілі болғандай, артқы орындықтағы қауіпсіздік белдіктері қайта орнатылғанда қателікке жол беріліпті. Демек, қақтығыс орын алса, құрылғыдан пайда болмайды дейді мамандар. Елімізде де қауіпсіздік жастықшасы жоқ, төмен экокласты автомобильдер шығару бойынша қауесет көп. Осы ретте нақты жауапты министрден білдік. Тыңдайық.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Мәшинелердің стандартына сәйкес түзетулер енгізу туралы ол ЕЭК шешімі. Біз тек қана сол шешім бойынша өкіметтің қаулысын қабылдадық. Ол мәселеден бізде ондай көліктер шығарылмайды. Олар тек қана ақпан айына дейін өз жұмысын атқарады. Ол РФ мен Беларусь шығаратын мәшинелер бұрынғы стандартқа сәйкес келмегесін оларды азайту мәселесін көтерді. Сол себепті Қазақстанда ондай мәселелер шығарылмайды.

2 мың тоннадан аса гуманитарлық көмек жіберілді гуманитарлық көмек

Еліміз 9 айда жаһанға 2 341 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Оның 85% азық-түлік. Қазақстандық жәрдемге негізінен Италия, Өзбекстан және Украина ие болған. Мысалы, еуропалықтар бізден 1,5 мың тоннаға жуық тамақ өнімдерін алды. Украинаға да киім-кешек, түрлі жабдықтар мен басқа гуманитарлық көмек жібердік.