Азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай амал керек?

Елде азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін қандай амал керек? Бұл сұрақ бүгін үкімет отырысында талқыланды.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағалары 2,6 процентке қымбаттаған. Жылдық өсім 13 процент болды. Қымбатшылық әсіресе Батыс Қазақстан облысы мен Шымкентте белең алып тұр. Көкөніс пен экспорттық сұранысқа ие өнімдер бағасы күрт өсіп кеткен. Ақпандағы инфляция 11,6 процентке теңесті. Баға өсімін тежеу үшін министрлік жол картасын әзірледі. Оның аясында 44 түрлі іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.