Елорда кәсіпкерлеріне 6 млн теңге айыппұл салынды

Бас қалада карантин талаптарын бұзған 36 кәсіпкерге 6 млн теңгеден астам айыппұл салынып, олардың қызметі бір айдан алты айға дейінгі мерзімге тоқтатылды.

Жалпы карантин талаптарын бірнеше мәрте бұзған нысандардың ісі әкімшілік сотқа жолданған. Қазір қаланың әр ауданында 8 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар қаңтар мен ақпан айларында тәртіпке бағынбаған 237 кәсіпкерге хаттама толтырған. Сонымен қатар 238 заңды және жеке тұлғаға айыппұл салынды.