Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,5%-ке дейін арттырды

Ұлттық банк жылдық базалық мөлшерлемені 9,5 процент деңгейіне көтерді. Экономист Мақсат Халық мұны заңды құбылысқа балап отыр.

Өйткені теңгені нығайтудың бірден бір амалы осы. Әрі инфляция экономиканың бүйірінен қысып барады. Тұтынушылық сұраныстың артуы, жанар-жағармай, көгілдір отын мен электр энергиясының қымбаттауы да жағдайдың осылай өрбуіне алып келді. Жазда қымбатшылық айқындала түскен болатын. Өткен айда инфляция 8,7 процентке дейін артты. Мақсат Халық базалық мөлшерлеме жоғары болған сайын теңге де күшейетінін айтады.

«Енді Американың федералды резервтік жүйесінің әрекетін күтеміз. Олар доллардың құнын арттыратын болса, жаһан елдерінің валютасы құнсызданары хақ» дейді. Ал Ұлттық базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімін 25 қазан күні жариялайды.