Асқар Мамин бірінші «ЕО – Орталық Азия» форумына қатысты

10 жылда еуропалық одаққа мүше мемлекеттер Орталық Азия елдеріне 105 млрд еуродан астам инвестиция салды. Бұл тікелей шетелдік инвестициялардың жартысына жуығы.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Бішкекте өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» бірінші экономикалық форумында осылай деді. Орталық Азия сыртқы саудасының 30 проценті осы аумаққа тиесілі.

Премьер-министр біздің мемлекеттерге еуропалық инвестицияларды тарту және құрылымдауға «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңын ұсынды. Сондай-ақ тараптар «Жасыл экономика тұжырымдамасын» бірлесіп әзірлеу мүмкіндігін қарастырмақ. Асқар Мамин Қазақстанның Трансеуропалық көлік желісі жобасы аясындағы ынтымақтастықты да тереңдетуге ынталы екенін атап өтті. Жиында тараптардың өндірістік активтерін интеграциялап, жаңа өндірістік өткізу тізбектерін қалыптастыру қажеттігі де сөз болды. Премьер-министр өз кезегінде іскерлік кеңес құру бастамасын көтерді.