Әлемде дизель тапшылығы байқалады

Сұйық отын қазірдің өзінде Еуропаның бірқатар елінде қат. Мамандар бұл көктемгі егіс науқанына кері әсер ете ме деп қауіптенеді. Мұның үстіне былтыр тыңайтқыш қымбаттады. Жанармай жетіспесе, демек, нәрлендіргіштердің  бағасы биыл тағы өседі.

Insights Global орталығының хабарлауынша, Еуропада өткен аптада дизель отыны мен мазут қоры 2 жарым пайызға азайған. Мұндай төмен көрсеткіш соңғы рет 2008 жылы тіркелген. Тек кәрі құрлық емес, әлемнің көптеген мемлекетінде осы жағдай. Мәселен, Сингапурде оның қоры 8,21 миллион баррельге дейін төмендеді. Ал Қытай қаңтар айының басында мұнай өнімдерін, соның ішінде сұйық отын экспортын қысқартты. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азияның нарығында шикізат тапшылық туғызды.

Елде ақша айырбастау тәртібі өзгерді. Енді 500 мың теңгеден көп қаржы айырбастағандардың жеке кәулігімен қатар тұрғылықты мекен-жайы сұралады. Егер сома бұдан төмен болса, жеке бас мәліметін растайтын құжат ұсынса жеткілікті. Мамандардың айтуынша, мұндай талап көлеңкелі ақша айналымын тоқтатуға сеп. Алайда оны валюта айырбастау орындарының бәрі бірдей орындай бермейді. Қаржылық мониторинг агенттігі  жаңа ережені қаңтар оқиғасына байланысты қайта еске салып отыр. Себебі ол терроризмге қатысы бар ұйымдар мен тұлғаларды анықтап, күдікті операциялар жайында агенттікке хабарлауға міндеттейді.

Аяқ киім өндірісімен айналысатын кәсіпкерлерге жеңілдік 

1 наурызда елде аяқ киімді тегін таңбалау басталады. Барлық шығын бірыңғай оператор есебінен өтеледі. Бір реттік науқан шағын бизнесті қолдауға бағытталып отыр. Ол үшін маркировка. кз сайтына электронды өтініш қалдыру қажет. Өтініштер 1 маусымға дейін қабылданады. Еуразиялық экономикалық одақ талабына сай, аяқ киімді міндетті таңбалау біздің елде былтыр қарашада қолға алынды. Жуырда Қазақстан мен Ресей кодтарды мойындау жөнінде келісімге келді. Оған сәйкес, отандық импорттаушылар көрші елдің өнімін еш қиындықсыз сатып ала алады және ел аумағына кіргізерде қайта таңбалау талап етілмейді. Дәл осы ереже тауар экспорты кезінде де сақталады. Ай соңына дейін аталмыш шартқа Беларусь Республикасы қосылмақ.

Сондай-ақ...