KASE қор нарығындағы сауда қайтадан кейінге шегерілді

Қазақстан қор нарығында құнды қағаздардың саудасы 14:00-ден 17:30-ға дейін шегерілді.

Сондай-ақ "KASE Global" секторындағы сауда 14:00 мен 22:00 аралығында өтеді. Биржалық келісімдер бойынша есеп айырысу кешкі алты мен сегіз жарым арасында өтеді. Бұл туралы КАСЕ-нің ресми сайтында жарияланды. Ақпаратқа қарағанда қазір Қор биржасында шет елдік валюталар саудасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұған дейін техникалық ақауға байланысты биржаның ашылуы кейінге шегерілген еді.