Қазақстанның арнайы өкілі Грузия премьерімен кездесті         

Биыл Қазақстан «Грузин дәлізі» арқылы 2 миллион тоннадан 3 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал келесі жылдан бастап тасымал көлемі ұлғая бермек. Бұл туралы Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхановтың Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен кездесуінен кейін белгілі болды. Тараптар сауда-экономикалық әріптестік, ауыл шаруашылығы мен көлік мәселелеріне айрықша тоқталды. Оның ішінде, Грузия мен жалпы Оңтүстік Кавказ аймағын дәліз ретінде пайдалану әлеуетінің маңыздылығы талқыланды. Грузин тарапы қазақстандық инвесторларды құшақ жая қарсы алатынын жеткізді. Соңғы 3 айда екі елдің арасындағы тауар айналымы 29 жарым миллион доллардан асқан.