Еуро құлдырады

Кейінгі 20 жылда болмаған жағдай. Еуропалық валюта бағамы құлдырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір еуро мен АҚШ долларының бағамы бірдей. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, мұндай жағдайға Солтүстік ағын-1 құбырының жұмыс істемей қалуы түрткі болған.

Естеріңізде болса, бір күн бұрын Ресей жөндеу жұмыстарына байланысты аталған құбыр желісімен газ жеткізуді тоқтатқан еді. Өз кезегінде АҚШ доллары қазір Федералды резерв жүйесінің инфляцияға қарсы қабылдаған қатаң саясаты арқасында нығайып жатыр. Содан тек еуро ғана емес, иена мен фунт та девальвацияға ұшырады.