Елімізде электронды каталогпен сатып алынатын тауар қатары көбейеді

Елде электронды каталогпен сатып алынатын тауар қатары көбейеді.

Мұны Қаржы вице-министрі Елдар Қазғанбаев айтты. Мәселен, қазір тауарлардың электрондық тізбесінде 2 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген. Оған 460 мыңнан астам өнім атауы енгізілді. Мақсат тауарлардың сипатын бІріздендіру және стандарттау. Электрондық каталог биыл жыл басында қолданысқа енгізілсе, шілдеде мемлекеттік сатып алуда тауарлардың техникалық ерекшеліктерін қалыптастыру тетігі іске қосылды.

Азамат Панбаев, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:

- Электрондық аудит жобасы 2020 жылдың соңында іске қосылған. Бүгінгі күнге дейін 717 млрд астам теңгені қамтумен шамамен 1600 аудиторлық іс-шара жүргізілді. Бұзушылықтар сомасы 500 млрд астам теңгені құрады. 2021 жылы қашықтан жүргізілген аудиторлық іс-шаралар үлесі аудиторлық шаралардың жалпы санынан 31 процентті құрады.