Израильде миллион тұрғынға вакцина салынды

Израильде миллион адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Осыған орай вакцина егу орталығына премьер-министр, денсаулық сақтау министрі мен бірқатар басшы келген.

9 миллионға жуық халқы бар Израильде жаппай екпе егу науқаны 20 желтоқсанда ғана басталды. Сөйтіп, 2 аптадан кем уақыт ішінде вакцинаны миллион тұрғын алып үлгерді.

Американдық «Пфайзер» мен немістің «Байонтек» компаниялары бірлесіп жасаған вакцина алдымен дәрігерлер, медициналық оқу орындарының студенттері мен билік өкілдеріне салынды. Екінші кезең жасы 60-тан асқандар мен қауіпті топқа кіретін тұрғындарды қамтыды.

1 қарашада Израиль өз вакцинасын клиникалық сынақтан өткізу жұмыстарын бастап кеткен. Оның соңғы кезеңі биыл көктемде аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ...