Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 84 млн-ға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны еселеп артуда.

Джонс Хопкинс университеті таратқан соңғы мәлімет бойынша, дүние жүзінде COVID-19 басталғалы ауырғандар қатары 84 миллион адамға жетіп қалды. Індетке шалдыққандар көлемі бойынша сол баяғыша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап түр. Құрама Штаттардағы көрсеткіш 20 миллионнан асқан. Оның ішінде, Калифорния, Нью-Йорк, Техас және Флорида штаттарында жұқтыру жоғары. Үндістанда 10 миллионнан астам науқас тіркелді. Дегенмен ел үкіметі биылғы жылдың алғашқы 8 айында 300 миллион тұрғынға вакцина саламыз деп құлшынып отыр.

Сондай-ақ...