Римде құстар қырылып жатыр

Италия астанасында құстар қырылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүздеген қанаттылардың көшеде жаппай қырылып жатқан көріністі Рим тұрғыны түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Ол құстардың жаңажылдық отшашудан опат болғанын айтады. Бұл нұсқаны Халықаралық жануарларды қорғау ұйымы да қолдап отыр. Өткен жылдың аяғында Рим қаласының мэрі 31 желтоқсаннан 6 қаңтарға дейін фейерверк атуға тыйым салған еді. Бірақ сарапшылар қазірге дейін Италия астанасында мыңдаған отшашу жасалғанын алға тартады.

Сондай-ақ...