Үндістанда алғашқы вакцина мақұлданды

Үндістан билігі коронавирусқа қарсы «Астразенека» вакцинасын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – осы елде ресми рұқсат берілген алғашқы екпе. Аталған вакцинаны бұған дейін Ұлыбритания мен Аргентина бекіткен болатын. Сондай-ақ Үндістанның Дәрі-дәрмек стандарттарын бақылайтын орталық ұйымы «Файзер» екпесін де қарастырып жатыр. Мекеме сарапшылары осы аптада тағы да бас қосуы керек. Жалпы мамандар " «Астразенека» препаратын арзан әрі алдыруы оңай деп бағалайды.