Грузияда жасыл түсті күшік дүниеге келді

Грузияның Ахалцихск ауылында Жаңа жыл қарсаңында жасыл күшік дүниеге келді.

Бұл туралы «Рустави 2» телекомпаниясы хабарлайды.

Жасыл күшікпен қатар тағы жеті күшік дүниеге келген. Иттің иесі оған Гринч деген ат қойған.

Сондай-ақ зообақ өкілдері Гринчтің иесіне хабарласып, беруін сұраған. Алайда ол бас тартқан.

Әдетте ұрықжолдаста биливердин көп болса, иттің жүні жасыл болады.