Египет билігі туризм саласын қайта жандандырмақ

Қазір аймақтағы 1 мың 200 қонақ үйдің 700-ге жуығы туристерді қарсы алуға лицензия алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал елдің орталық банкі жазға дейін туристік компаниялар мен өзге де кәсіпорындарға бірқатар жеңілдік ұсынып отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өткен жылы басталған пандемия салдарынан туризмнен келетін кіріс 70 процентке қысқарған. 2020 жылы бұл елге келген саяхатшылардың қарасы 2019 жылмен салыстырғанда 3,5 млн-ға дейін азайды.

Айта кетейік, Мысырдағы туризм саласы елдің басты табыс көзі саналады. Сарапшылар саланың тамырына қан жүгірту әзірге оңай соқпайды деп топшылайды.