АҚШ-та республикандықтар мен демократтар тартысы мәресіне таяп қалды

АҚШ-та республикандықтар мен демократтардың Конгрестегі орындар үшін таласы жалғасуда. Бүгін шешуші күн.

Өйткені Джорджия штатында өтіп жатқан сайлаудың қорытындысы бойынша Сенаттың қай партияға бұйыратыны анықталады. Әзірге жоғары палатадағы 100 орынның 48-і демократтардың еншісінде болса, 50-і республикалықтарда. Демек, Сенатта демократтық партияның басымдыққа ие болуы үшін кем дегенде екі дауысты алуы тиіс. Осылайша елдің келесі вице-президенті Камала Харис қосымша дауысымен демократтарға басымдық бере алады. Ал республикандықтар болса бір дауыспен-ақ жеңіске жете алады. Сарапшылар демократтардың Сенатта жеңіске жетуі өте маңызды дейді. Өйткені Сенат ресбуликандықтардың еншісінде кетсе, Байден әкімшілігінің уәде еткен бағдарламаларын жүзеге асыруда қиындықтар туындауы мүмкін.

Сайлаушы:

- Бүгін маңызды күн. Мен жаңа әрі жақсарған денсаулық сақтау жүйесін қалаймын. Дауыс берген кандидаттардың ойлары жүзеге асса деймін. Бұл тек біздің штаттағы тұрғындар үшін ғана емес, жалпы барлық американдықтар үшін өте маңызды.

Сайлаушы:

- Елдің назары дәл қазір Джорджия штатында. Бүгін шешуші күн. Сайлау қорытындысы бойынша Сенаттағы басқарушы партия анықталса, жаңа өзгерістер болады деп ойлаймын.

Сондай-ақ...