421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск әлемдегі ең бай адам болды

  • 154
  • UPD: 09:27, 08.01.2021
Илон Маск әлемдегі ең бай адам болды

Кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының басшысы Илон Маск Amazon-ның негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанды.

Tesla басшысы 185 млрд доллардан астам байлығымен әлемдегі ең бай адамға айналды. Tesla компаниясының 7 қаңтардағы акция құны оған 2017 жылдан бері әлемдегі ең бай адам болған Безосты басып озуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін Илон Маск Bloomberg Billionaires индексі бойынша ең бай адамдарының тізімінде екінші орында тұрған болатын.

Хабар 24 телеарнасы