Колумбияда жарылыстан 14 адам зардап шекті

Колумбияның солтүстігінде Барранкилья қаласында белгісіз қаскөйлер жарылыс жасап, кем дегенде 14 адам жарақаттанды.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі қала мэрі Хайме Пумарехоға сілтеме жасап хабарлады.

Жәбірленушілер, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың жағдайы тұрақты.

Қала мэрі жарылысты ұйымдастырған шабуылдаушыларды ұстауға көмектесетін ақпарат берген адамға 20 млн песо (шамамен 5740 доллар) сыйақы беретінін жариялады.