Коронавирусты зерттеуге барған ДДСҰ-ның екі ғалымы Қытайға кіре алмай қалды

Коронавирустың таралуы мен шығуын зерттеу үшін Ухань қаласына барған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының екі ғалымы Қытай аумағына кіре алмай қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Мамандардың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Қазір олар Сингапурде қайтадан тест тапсырулары керек. Жалпы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, сарапшылардың бәрі Қытайға аттанбас бұрын ПТР тест тапсырып, теріс нәтижелі анықтама алған екен. Қалған ғалымдар қазір Уханьда. Олар бір айға жуық уақыт бойы зерттеу жұмыспен айналысады. Алайда іске кіріспес бұрын мамандар алдымен карантинде отырады.

Сондай-ақ...