АҚШ аумағына барған шетел азаматтары карантинде болады

Бұдан былай АҚШ-қа барған әр шетел азаматы карантинде отырады.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Джо Байден хабарлады. Құрама штаттардың эпидемиолог мамандары оқшаулану мерзімін кемінде 7 күннен бастауды ұсынып отыр. Мемлекет басшысы оларға ауру белгілері байқалған шетел азаматтарын жіті назарда ұстауды міндеттеді. Ал федералды билік өкілдеріне қоғамдық көлікте маска тағу режимін енгізу жөнінде талап қойды.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Вирустың мутацияға ұшырауына байланысты АҚШ аумағына кірген жолаушыларға қатысты қосымша шектеу шараларын енгізіп отырмыз. Маска тағу режимінен басқа шет ел азаматтары ПТР-тест анықтамасын көрсетіп, карантинде отырып шығулары керек.